Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«24-қабаттан секірмек болдым»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбектің тоқтатқан сәтін айтты

Фото: instagram.com/moldir.mt

Танымал актриса әрі блогер Мөлдір Мұқанова өткен өміріндегі ауыр кезең туралы ашық айтты. Ол Тұрсынбек Қабатовтың арқасында өзіне қол жұмсаудан аман қалғанын еске алды.

Мөлдірдің айтуынша, оқиға отбасылық қиын уақытта болған.

«24-қабаттан құлай жаздадым. Кетіп бара жаттым. Тұрсынбектің өзі тоқтатты, ұстап қалды. Ол да бір таңғы уақыт еді. Өте қиын кезең болды», – деді ол.

Актриса бұл жағдайдың Тұрсынбектің шетелден келген сәтінде болғанын айтады. Оның сөзінше, сол кезде психологиялық қысым мен айтылған әңгімелердің әсері қатты тиген.

«Дубайға алғаш рет кеткен кезі. Біз бәріміз шығарып салдық. Қуанып жүрдік. Дубайдан қайтып келген соң, сол жақтан видеолар көрсетіп жатты. Видеода қасында бір адам тұрғандай көрінді. „Қане, жылжытып көрші“ деді ол. Сол сәтте екеуміз де шошып кеттік. Мен терезеге қарай жүгірдім. Бұған дейін де түрлі әңгімелер естіп жүргендіктен, өзімді ұстай алмай қалдым», – деді Мөлдір Мұқанова.

Ол бұл оқиғаны басынан өткергеніне біраз уақыт болғанын, алайда әлі күнге дейін оңай еске алмайтынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

«Табылмай жатыр»: Жас әншіні соққыға жыққан Мұқасан Шахзадаевқа қатысты тың дерек шықты

Redaktor

Гүлзира Айдарбекова: Қайраттың бір көмекшісі ыдысын жуса, екіншісі костюмін ұстап жүреді

Redaktor

Тағы бір танымал әнші әйеліне әріптесімен опасыздық жасады деп айыпталып жатыр

Redaktor