Болат Әбішұлы Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты оның мүлкін бөлу процесі басталды. Марқұмның мұрагерлік ісі нотариус Б.Қ. Исабаевтың бастамасымен 2024 жылғы 3 қаңтарда № 1/2024 нөмірімен ашылған.
Мұрагерлікке өтініш бергендер
Болат Назарбаевтың әртүрлі отбасы мүшелері мұрагерлік құқығын алу үшін өтініш түсірген. Өтініштер бірлесіп жинақталған мүліктің үлесіне және заң бойынша тиесілі міндетті үлеске қатысты.
Негізгі мұрагерлер
- Нұрбол Болатұлы Назарбаев
Туған күні: 14 қараша 1983 жыл
Мәртебесі: ұлы
Өтініші: өсиет бойынша мұра құқығын алу - Назарбаева Динара Кемелханқызы
Туған күні: 4 желтоқсан 1986 жыл
Мәртебесі: жұбайы
Өтініші: некеде бірге алынған мүліктің 1/2 үлесін бөлу
Міндетті үлеске үміткер балалар
Заң бойынша міндетті үлеске өтініш берген балалардың тізімі:
- Болатұлы Болатхан (07.02.2012)
- Назарбаев Мұхаммед Болатұлы (21.09.2021)
- Назарбаева Еркежан Болатқызы (18.05.2018)
- Назарбаев Елнұр Болатұлы (19.08.2013)
- Назарбаев Болат Болатұлы (17.10.2014)
- Назарбаев Акбар Болатұлы (23.11.2016)
- Назарбаева Нұрбану Болатқызы (09.07.2018)
- Болатқызы Томирис (30.07.2013)
- Болатқызы Аруназ (30.01.2016)
- Назарбаев Ханболат Болатұлы (17.02.2002)
- Назарбаева Альбина Болатқызы (07.06.2003)
- Назарбаев Хантөре Болатұлы (26.01.2018)
- Назарбаева Жанель Болатқызы (03.11.2010)
Еске сала кетейік, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев 2023 жылдың 13 қарашасында 70 жасында ауруханада көз жұмған болатын.
