Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Бұл соңғы кездесу деп кім ойлаған?! Жұлдыз Әбдукәрімова Асанәлі Әшімов туралы жазды

әлеуметтік желі

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова өнердегі ұстазы, қазақ киносы мен театрының аңызы Асанәлі Әшімов туралы әсерлі жазба жариялады.

Әбдікәрімова әлеуметтік желіде аңыз актермен бірге түскен суреттерін бөлісіп, соңғы кездесу екенін білмегенін жазды.

«Бұл соңғы кездесу деп кім ойлаған?! Абыз адам, аңыз адам еді. Асанәлі ағамыздың қазасы күллі қазақ елінің қабырғасын қайыстырды. Театр мен кино өнеріне өшпес, өлшеусіз еңбек етіп, мол мұра қалдырды. Ағамыздың отбасына, туыстарына көңіл айтамын. Жарқын бейнеңіз мәңгі жадымызда қалады. Ұстаз, бақұл болыңыз», — деп жазды актриса.

Айта кетейік, Асанәлі Әшімов қазақ мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып, бірнеше буын актерге ұстаз болған тұлға ретінде ел жадында қалды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)

Ұқсас жаңалықтар

«Өз анамды шақырдым»: Гүлзира Айдарбекованың келіні енесінің көмектеспейтінін ашық айтты

Redaktor

Алғабастағы өртте қаза болған келіншектің соңғы видеосы жұртты жылатты

Redaktor

«Бай болсам өзім-ақ алып берер едім»: Мақпал Жүнісова Баян Алагөзованы көмектесуге шақырды

Redaktor

Пікір жазу