Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Усик пен Джошуаның спарринг-серіктесі болған қазақстандық боксшының рингке қашан оралатыны белгілі болды

sportplustv.kz

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Аманжоловтың (7–1, 6 КО) келесі жекпе-жегінің өтетін уақыты белгілі болды.

BoxRec.com дерегіне сүйенсек, отандық боксшы 27 желтоқсанда кезекті кездесуін өткізеді. Ол Алматыда өтетін Ali Akhmedov Promotions ұйымдастыратын бокс кешінің бағдарламасына енгізілген. Қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ.

Бұл жекпе-жек Нұрсұлтан Аманжолов үшін 2024 жылдың маусым айынан бергі алғашқы айқас болмақ. Сол жолы ол өзбекстандық Мухиддин Раджапбаевты (12–18–1, 8 КО) мерзімінен бұрын жеңіп, сенімді өнер көрсеткен еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Аманжолов украиналық Александр Усик және британиялық экс-әлем чемпионы Энтони Джошуамен спарринг-серіктес ретінде жаттығуларға қатысқан.

Ұқсас жаңалықтар

Тедди Ринер Олимпиадада ең көп жүлде иеленген дзюдошы атанды

Redaktor

Қазақстан дзюдодан 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізеді

Redaktor

Қарағандыда Серік Сәпиевті жұмыс уақытында орынбасары ұрды

Redaktor