Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Екінші әйелімен» барған Тұрсынбек Қабатовқа БҚО-да шапан жапты

Скрин

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданына барған белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатовқа аудан әкімі арнайы құрмет көрсетіп, шапан жауып, жылқы мінгізді. 

Шара барысында түсірілген бейнежазба мен фотосуреттер әлеуметтік желілерде тез таралып, жұртшылық арасында қызу пікірталас тудырды.

Желіде талқыланған сәт

Көпшіліктің назарын шоуменнің жанында тұрған жас келіншек аударды. Әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі оның Қабатовтың екінші әйелі болуы мүмкін екенін болжады.

Скрин

Кейбіреулер: «Тоқал алған соң, кукладай бір сұлуды алу керек еді», – десе, енді бірі: «Бұл әйел емес, үнемі жанынан қалмайтын көмекшісі ғой», – деп жазды.

Пікірлердің басым бөлігі әзіл түрінде жазылғанымен, бірқатар қолданушылар қоғам алдындағы тұлғаның жеке өмірін талқылауды орынсыз деп санаған.

Қабатов үнсіз қалды

Бейнеролик астындағы пікірлер саны халықтың қызығушылығының жоғары екенін аңғартады.
Ал әзірге Тұрсынбек Қабатов бұл ақпаратқа қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Бейбіт Сейдуалиеваның тойдағы сөзі сынға ұшырады: Өнер иесінің даусы желіде талқыға түсті

Redaktor

Мөлдір Мұқанова: Сұхбаттан кейін Тұрсынбек Қабатов балаларға өзі хабарласты

Redaktor

Төреғали Төрәлінің қарындасы үшінші сәбиін күтіп жүр

Redaktor

Пікір жазу