Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Ерке Есмахан пластикалық операция жасатты ма?

Әнші Ерке Есмахан Instagram парақшасында бетіне пластикалық операция жасатқаны жөніндегі пікірлерге жауап берді..

Желі қолданушылары тарапынан сырт келбетіндегі өзгерістер сөз болған Ерке бұл ақпаратты жоққа шығарды. Айтуынша, ол ешқандай пластикалық ота жасатпаған.

«Езіліп кеткен тема. Қазір көп адам операцияларын ашық айтады, көрсетеді. Мен де жасасам жасырмас едім. Біреуден ұялып немесе қорқып қалатын адам емеспін. Тағы айтам, бетімді кесіп, тартып ештеңе жасамағам. Ешқандай сүйек сындырмағам. Бәрі өзімдікі. Кішкентайымда нәзік қыз болғам, қазір жайқалған әйелге айналдым. Сонымен сұлуымын. Ал пластик деп қоймайтындар — ұйықтаңдар осы ақпаратпен», — деді әнші.

Эстрада жұлдызы кез келген косметикалық өзгерісті жасаса, оны жасырмайтынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы пластикалық хирургтермен сұхбатында Ерке Есмаханның бет сүйектеріне және жүзіне күрделі ота жасатқаны туралы пікір білдірген еді.

Ұқсас жаңалықтар

«Шынымды айтсам, шаршатты»: Сәкен Майғазиевтің келіні жан сырын ақтарды

Redaktor

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз туралы сынға жауап берді: «Оның аяқ-қолын ешкім байлап отырған жоқ»

Redaktor

«Ешкімге айтпап едік, келіп ала береді». Гүлзира Айдарбекова құдағиына ренжіді

Redaktor

Пікір жазу