Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Гүлзира Айдарбекова: Қайраттың бір көмекшісі ыдысын жуса, екіншісі костюмін ұстап жүреді

instagram.com/kair_n

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова ұлының бүгінде үлкен командамен жұмыс істейтінін айтып, оның танымалдыққа жету жолындағы қиындықтарын еске алды.

Paparazzi бағдарламасына берген сұхбатында продюсер Қайраттың бала күнінен танымал болуына дейінгі еңбектің орасан болғанын жеткізді. Оның айтуынша, әншіге концертке көрермен жинау үшін талай рет түнгі уақытта жалғыз өзі көшеге шығып, афиша жапсырған күндер болған.

«Бір-екі мәрте балаларға ақша беріп, Қайраттың афишаларын жабыстырып беріңдерші деп сұрадым. Күніне 200 доллардан бердім. Бірақ «түсіп қалды», «ұрлап кетті» деп сылтауратып келетін. Кейін өзім істеуге тура келді», – дейді Айдарбекова.

Ол қақаған қыста түнгі 12-ден кейін көшеге шығып, скотчпен де, желіммен де жабыспайтын афишаларды жапсырып жүргенде тырнақтарының үсіп қалған кездері болғанын айтып, сол күндерді күрсініспен еске алды.

Қазір жағдай мүлде басқаша. Қайрат Нұртас шоу-бизнестегі ең танымал жұлдыздардың бірі, ал оның қасында әр міндетке жауапты бірнеше көмекші бар.

«Қазір көмекші көп қой. Қайраттың костюмін біреу, дискісін екіншісі ұстап жүреді. Көлігін біреу айдайды. Тіпті ыдысты біреу жуып, тамақты біреу істейді десе болады», – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Продюсердің айтуынша, бүгінде ұлының жетістігі мен танымалдығы – өткен жылдардағы ауыр еңбектің жемісі.

Ұқсас жаңалықтар

Шахизада төртінші күйеуі жайлы бар шындықты айтты

Redaktor

«Тоқтар Бейбіттің талантын тұмшалап тастаған екен». Сейдуәлиеваның әлемдік хит әнді айтқан видеосы тарады

Redaktor

Жол апатынан кейін Қайраттың көзінде тыртық қалды — Гүлзира Айдарбекова

Redaktor

Пікір жазу