Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімова туралы сұраққа ашулы жауап берді

Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Танымал продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде өз оқырмандарының сұрағына ашық әрі қатқыл жауап берді.

Оқырмандардың бірі продюсерден келіні Жұлдыз Әбдукәрімова және оның ата-анасымен неге араласпайтынын сұрап, тіпті, неге Жұлдыз Қайраттың әкесінің 60 жылдық тойына келмегенін де жазған.

“Тойларыңа Жұлдыз келген жоқ. Нағыз бай-бағлан болыпсыңдар. Жұлдыз бен Рабия қайда? Сол екеуі де торттан ауыз тимей ме? Үлкендердің осындай іс-әрекеті дұрыс па?” – деп жазды желі қолданушысы.

Бұл пікір Гүлзира Үсенқызының шамына тисе керек, продюсер ашық түрде жауап қатты:

“Жұлдыз жаңа босанған жоқ па?! Келсе, біз итеріп шығарып жіберер ме едік? Бұл не сұрақ?! Әркімнің өз таңдауы бар. Біреудің отбасына араласудың не қажеті бар? Сіз менің ұрпағыма менен де жақын емессіз!” – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, жуырда Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков 60 жас мерейтойын кең көлемде атап өткен болатын. Гүлзира Үсенқызы жұбайына арнаған жазбасында:

“Сенен кейін қалдырмай, сенің алдыңда кетуімді Алла жазсын! Саған үйленгеніме өкінген емеспін. Балаларымның асқар тауы, менің сүйенішім – Нүрекеңнің туған күнімен құттықтаймын! Алла ұзақ ғұмыр берсін!” – деп тілегін білдірді.


Қызықты және эмоцияға толы бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен талқылауға ұласты. Көпшілік Гүлзира Айдарбекованың ашық мінезі мен отбасына деген адалдығына тәнті болса, енді бірі оның сөзін тым қатал деп бағалады.

Ұқсас жаңалықтар

«Томирис» жақында сәбилі болмақ». Актриса Альмира Тұрсын жүкті екенін жариялады

Redaktor

Сәкен Майғазиевтің Мәдина Сәдуақасованың арасында не бар?

Redaktor

Алтынай Жорабаеваның аяқ астынан қалай 37 келі тастағаны белгілі болды

Redaktor

Пікір жазу