Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Жадыраңызға қарасам жүрегім ауырады». Нұрғали Нүсіпжановтың енесі өмірден өтті

Коллаж: turkystan.kz

Танымал әнші, Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов енесінің дүниеден өткенін хабарлады. Өнер иесі қаралы жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, жүрекжарды қоштасу хатын жариялады.

Әнші марқұмды аса ыстық ықыласпен еске алып, оның өз өмірінде ерекше орын алғанын айтты.

«Хош болыңыз, періште ана… Жасым ұлғайып, ауру меңдегенде жаныма жалау болар жан іздедім. Мөлдір жүрегіңізбен мені қабылдадыңыз. Ақ-адал жүрегіңіздің алдында басымды жерге жеткенше идім, әзіз ана… Сан мың тағзым сізге», – деп жазды Нүсіпжанов.

Өнер иесі енесімен алғаш кездескен сәтін де еске алды:

«Ең алғаш кездескеннен-ақ ерекше құрмет көрсеттіңіз. Мұңымды тыңдадыңыз, жаныңыз ауырып тұрса да жүрегіңіздің бір бөлшегін сыйладыңыз. Бақи дүниеден Фәни дүниеге аттанғанша Алланың жолында болдыңыз. Орныңыз ойсырап қалды, жан ана…» – деп жазды ол.

Әнші марқұмның иманды, ықыласты, ибалы жан болғанын, отбасы үшін аса қастерлі адам болып келгенін атап өтті.

Қоштасу жазбасында өнер иесі енесінің намазына, мінезінің инабаттылығына, отбасына сіңірген еңбегіне ерекше тоқталды:

«Жадыраңызға қарасам жүрегім ауырады. Жайнамазыңыз бен тәспіңізді сипап қоямыз. Орныңыз ойсырап қалды-ау, абзал ана…» – деді ол.

Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов 2019 жылы өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешке үйленген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев қайын ағасы ұсталғаны хабарланды

Redaktor

Үш баласымен өзінен бес жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан блогер жан сырын ақтарды

Redaktor

«Өтірік емес, ақиқат»: Эфирге амалсыз барған Индира Елемес шындықты жариялады

Redaktor