Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың екінші келіні үшінші рет ана атанды.
Қуанышты жаңалықты продюсердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Айтуынша, келіні Айгера дүниеге қыз бала әкелген.
«Біздің ыстық ұямыздың нұры, қаншама қайғымның орнын жүрек жылуымен, күннің шуағындай шуағымен толтырған, бүкіл әулетіміздің ақ батасын алған, атасын ерекше құрмет тұтқан адал келінім Айгера келініміз дәл қазір бір ханшайымды өмірге алып келді.Өмірімнің бір бөлігі – құрметті менің оқырмандарым, көп тілеуі көл деген, өмір есігін жаңа ғана ашқан немеремізге жүрекжарды дұға, тілек күтемін. Қатты жақсы көремін деуге де қорқамын, Алла көп көрмесін, көз тимесін! Аллаға сансыз шүкір, биыл үш ұлымыздан да немере сүйдіріп, жанымызды шуаққа бөлеген. Баланың санын айтпайды дейді, шүкір, шүкір, Аллаға шүкір!» – деп жазды продюсер.
Желі қолданушыларының бір бөлігі Айдарбекованы қуанышымен құттықтап, ақ тілектерін жаудырса, енді бірі продюсердің келіндерін бөліп көрсеткеніне реніш білдірді.
Пікірлер арасында: «Кішкентайдың бауы берік болсын», «Немереңіз құтты болсын» деген жылы лебіздермен қатар, «Жұлдыз босанғанда да осылай құттықтасаңыз ғой», «Отбасын сақтап жүрген Жұлдызға еш келініңіз жетпейді» деген сыни пікірлер де жазылған.
Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова бұған дейін де отбасындағы қуанышты сәттерді жиі бөлісіп, немерелерін ерекше мақтанышпен атап жүрген продюсерлердің бірі.
