Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Қабатовтың жерлес інісі Мөлдір Мұқанованы қолдады

Фото: instagram/zhahan_utargaliyev

Актер әрі шоумен Жахан Отарғалиев журналист Жанар Байсеміздің подкастынан кейін қоғамда кең талқыланған Мөлдір Мұқанованың мәлімдемесіне қатысты пікір білдіріп, продюсерге қолдау көрсетті.

Отарғалиев өнер жолындағы алғашқы қадамдары туралы айта отырып, Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқановаға құрметін жеткізді.

«Жеңгемді қолдап кеткім келді. Өнерге келуіме себеп болған – Тұрсынбек ағам. Үйінде тұрып, жеңгемнің шайын ішіп, екеуімен де жақсы араласқанмын. Екеуін бірдей сыйлаймын, жақсы көремін. Бәрі жақсы болсын», – деді актер.

Сонымен қатар ол Мөлдір Мұқанованың қиын сәтте қолдау көрсеткенін ерекше атап өтті.

«Былтыр әлеуметтік желідегі парақшам жабылып қалған кезде мені ең бірінші болып Мөлдір жеңгем қолдаған еді. Айтқызбай-ақ көмектесті. Біз бір-бірімізді 2008 жылдан бері танимыз. Қашан барсам да алдымнан жүгіріп шығып, күн демей, түн демей бір шәйнек шайымен қарсы алатын. Сол жеңгемнің алғашқы киносы шығып жатыр. Соны тамашалауға шақырамын», – деді Жахан Отарғалиев.

Актер осылайша продюсерге моральдық қолдау білдіріп, оның шығармашылық жұмысына сәттілік тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Абай Бегейдің 17 жастағы аяғы ауыр қызы шошытты

Redaktor

Жеті жылға сотталған Бақытгүл Хаменованың тойдағы фотосы тарады

Redaktor

Мөлдір Әуелбекова марапатсыз қалғанына ренішін білдірді

Redaktor

Пікір жазу