Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Қазақ тілі – жүрегіме ең жақыны – Ая Шалқар

Фото: instagram.com/aya_shalkar

Модель әрі дизайнер Айя Шалқар өзінің қазақ тілінде еркін сөйлейтінін білген көпшілік таңғалатынын айтады.

Айя бала күнінен тек қазақ тілінде сөйлеп өскенін, кейіннен шетелге көшкенде ағылшын тіліне ауысқанын алға тартты.

Мен қазақ тілінде сөйлеп өстім, негізгі тілім орыс емес, қазақ тілі болды. Он жыл бойы шетелде жүргенде орысшаға емес, ағылшын тіліне қарай ауыстым. Меніңше, қазір қазақ және ағылшын тілдерінде сөйлеу өте стильді көрінетін секілді, — деді ол.

Модель биылғы тамыз айынан бастап қазақ тіліне жіті мән бере бастағанын айтты. Арнайы сабақтар алып, ұмыт қалған сөздердің бәрін есіне түсіріп жүр екен.

Қазақ тілі – жүрегіме ең жақын тіл. Эмоциялық жағынан да көбірек ашылатын сияқтымын. Өзімді көрсету оңайырақ, өзімді еркін ұстаймын. Орысша сөйлегенде бәрін сүзгіден өткізіп, тым қатты бақылайтын тәріздімін. Бір байқағаным, мені қанша жерден сынаса да, қазақша сөйлейтінімді білгенде, соның бәрі су сепкендей басылатын, ана тілімде сөйлей алуым артықшылығым секілді көрінетін, — деді дизайнер қыз.

Айяның шын есімі – Аяулым. Жоғары білімін Францияда алған. Ол қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерін жетік меңгерген..

«АШ» брендінің негізін қалаушы.

Естеріңзіде босла, Son Paskal-дің «Мен сені сүйемін» және Jah Khalib-тің «Медина» бейнебаяндарына түскен.

Ұқсас жаңалықтар

Сәкен Майғазиевтің келіні Әдияның немен айналысатыны белгілі болды

Redaktor

«Ажырастық». Олжас Абайдың экс-әйелі де бар шындықты айтты

Redaktor

«Арам тамақ»: Мөлдір Мұқанова Қайрат Әділгерейдің әйеліне өткір жауап берді

Redaktor

Пікір жазу