Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарСпорттан тыс

Күн сайын түрме мен аурухананың арасында жүрдім – Баян Есентаеваның үлкен қызы

Блогер және продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек Zamandas подкастында ата-анасының арасындағы күрделі кезең мен өз басынан өткен қиын сәттер жайлы ашық айтты.

Айсәуленің сөзінше, ата-анасының арасындағы жанжал оны қатты күйзеліске түсірген.

«Әкем мен анамның арасындағы жағдайды өте ауыр қабылдадым. Ол кезде өзім де күйзелісте жүрдім. Ең қиыны – әке-шешеңнің ұрысқанын алғаш көру. Күн сайын түрме мен аурухананың арасында жүрдім. Сол төрт ай менің өмірімді түбегейлі өзгертті», – деді ол.

Блогер сол уақытта күйеуі Әлішермен де қиындықтар болғанын, бірақ өзара қолдау арқылы қарым-қатынасты сақтап қалғанын айтты.

«Әкеммен үнемі сөйлесемін»

Айсәуле бүгінде әкесі Бақытбек Есентаевпен байланысын үзбегенін жасырмады.

«Түрмеде болған кезінде күнде барып тұрдым. Оған да, маған да қолдау қажет болды. Әкем жақсы әке болды. Ал жиендерінен айырылғым келмейді. Анам да «араласып тұрыңдар» дейді», – деді ол.

«Өмірдің қадірін енді ұқтым»

Айсәуле Бақытбек басынан өткен ауыр кезең өмірге деген көзқарасын өзгертті дейді.

«Бұрын бәрін өздігінен болып жатқандай қабылдайтынмын. Ал сол кезде түсіндім – таңертең тұрғанда ата-анаңмен бірге шай ішпеуің де мүмкін. Бірі ауруханаға, бірі түрмеге түсуі ықтимал. Ертең не боларын ешкім білмейді», – деп бөлісті блогер.

Айсәуле қоғам тарапынан түсінбеушілік болатынын да айтты:

«Мен әкеммен араласам десең, бірден анаңа қарсысың дейді. Бірақ бұл олай емес. Бұл – өткенді ақтау емес, адамдық қарым-қатынасты сақтау ғана», – деді ол.

Еске салайық, 2016 жылы Баян Алагөзованың күйеуі Бақытбек Есентаев оған пышақпен шабуыл жасап, ауыр жарақаттаған. Кейін ол 9 жылға сотталған. 2022 жылы Қапшағай қалалық соты Есентаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босатты.

Ұқсас жаңалықтар

Әмір Омарханов алғаш рет АТР рейтингіне енді

Redaktor

«Барыс» қатарынан екінші жеңіске жетті

Redaktor

Алматыда алғаш рет тас жол веложарысынан Азия чемпионаты өтеді

Redaktor

Пікір жазу