Beksports спорт порталы
БоксЖаңалықтар

Назым Қызайбай үш дүркін әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Сербияда үш дүркін әлем чемпионы атанды.

48 келіде өнер көрсеткен қазақ боксшысы ақтық сында ресейлік Юлия Чумгалаковамен жұдырықтасқан. Назым қарсыласынан үш раунд бойы басым болып, төрешілер нәтижесінде 5:0 есебін тіркеді.

Осылайша Назым Қызайбай әлемнің үш дүркін чемпионы атанып отыр. Бұған дейін ол 2014 жылы (Жежу) және 2016 жылы (Астана) осы жетістікке жеткен болатын.

Сондай-ақ, Назым Париж Олимпиадасының қола жүлдегері екенін де айта кету керек.

Еске салайық, Сербиядағы әлем чемпионатының финалына Қазақстанның бес боксшы қызы шықты.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ұқсас жаңалықтар

«Қайрат» «Брюгге» мен «Арсеналға» қарсы ойын алдында құрамын күшейтті

Redaktor

20 жылдан кейін: бокстан студенттер арасындағы әлем чемпионаты Қазақстанға қайта оралуы мүмкін

Redaktor

Армрестлингтен әлем чемпионаты: Қазақстан 82 алтын медаль жеңіп алды

Redaktor