Желіде танымал әнші Сәкен Майғазиевтің Маңғыстаудан келген құдағиын қарсы алған сәтінен бейнежазба тарады.
Видеода жаңа түскен келіннің ата-анасы күйеу баласының отбасымен кездесу сәтінде көрініс тапқан. Кадрларда келіннің анасы қызының жүдеу түріне алаңдап:
Қызымның ұстайтын жері қалмапты ғой… – деп айтқан сәті жазылған.
Ал Сәкен Майғазиев бұл сөзге әзілмен жауап беріп:
Салмақ қостыра алмай жүрміз… — дейді.
Бейнежазбаны бөліскен автор да жағдайды қалжыңмен сипаттап:
Маңғыстаулық құдағи ешкімді аямайды. Сәкеннің баласысың ба, Мейрамбектің баласысың ба – бәрібір, айта салады, — деп жазған.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл көрініске түрлі пікір қалдырған:
Жаңаөзеннің қызын әбден арықтатып жіберіпті…, Жас қой, кейін толып кетеді, Сәкеннің жауабы өте орынды болған, — деп жазды олар.