Белгілі тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарымен арасындағы жылы қарым-қатынасы және жеке өміріне қатысты ойларымен бөлісті.
Бұл жолы ұзақ сөйлестік. Әдетте видеоға сирек түсетін, рұқсаттарымен ғана сөйлесетін 16 және 18 жастағы ұлдарыммен достық форматта әңгімелестім. Тым жекеге бармаймын. Ұяламын ба, әлде «өздері біледі ғой» деп ойлаймын ба, білмеймін. Бірақ қыздарға деген құрмет, жауапкершілік пен тұрақтылық жайлы жиі айтамын. Бұл – мен үшін ең маңыздысы, – дейді журналист.
Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, ұлдары анасының қайтадан тұрмыс құруына қарсы емес екен.
Жақында үлкен ұлым «махаббатыңызды тапсаңыз, бізге қарамаңыз» деді. Бұл сөз әрі күлкілі, әрі жүректі елжірететіндей болды. Біз жиі махаббат туралы сөйлесеміз. Мүмкін, жастық әсері болар, бірақ үлкен кісідей ой айтады. Қысқасы, ұлдарыммен достық, сенім және жауапкершілік жайлы жиі сөйлесеміз. Ал махаббат – сол әңгіменің ең жылы бөлігі, – деп түйіндеді ол.
