Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарТеннис

Қазақстанда теннис ойнаудан бас тартқан Бублик жеке рекордын жаңартты

ҚТФ

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 16-нөмірлі теннисшісі Александр Бублик 2025 жылғы маусымда ATP турнирлеріндегі жеңістер саны бойынша өз рекордын жаңартты. Ол негізгі турда 34 мәрте жеңіске жетіп, жеке үздік нәтижесін тіркеді.

Championat.com мәліметінше, бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіші 2021 жылы тіркелген – 33 жеңіс. Бублик 34-ші жеңісін Париждегі (Франция) «Мастерс» турнирінің алғашқы айналымында иеленді. Қазақстандық спортшы рейтингте 47-орында тұрған аустралиялық Алексей Попыринді 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Енді ол екінші айналымда франциялық Корентин Муте мен америкалық Райлли Опелка (LL) арасындағы кездесудің жеңімпазымен бақ сынайды.

Айта кетейік, Париждегі «Мастерс» турнирінің қазіргі чемпионы – германиялық Александр Зверев. Өткен жылы ол финалда француз Уго Умберді жеңіп, титул иеленген еді.

Ұқсас жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы Кроуфордты жекпе-жекке шақырды

Redaktor

«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Абу-Дабиде өткізеді

Redaktor

Титулыды айқастағы нокауттан кейін Сұлтан Зауырбек рейтингте жоғарлады

Redaktor