Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Меруертке бәріміздің көзіміз түсті – Асанәлі Әшімов

Фото: Видеодан кадр

Қазақ КСР Халық артисі, Қазақстанның еңбек ері Асанәлі Әшімов осыдан 55 жыл бұрын жарыққа шыққан «Қыз Жібек» фильміндегі қызықтар туралы айтты.

Тарихи туындыдан кейін басты рөлді сомдаған Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешева кейін отбасын құрған еді. Екеуінің махаббаты 1968 жылы фильмнің алдындағы дайындық кезінде басталған.Ол кезде Құман мен Меруерт мектепті енді ғана бітірген, жастары 16-17 шамасында екен.

Фото: кинодан кадр

«1968 жыл. Мектепті әлі бітірмеген. Біз фильмге дайындықты ипподромда бастадық. Барлығымыз сонда жүрдік, Ғабит Мүсіреповтің өзі келді. Жап-жас жігітпіз. Меруертті алғаш көргенде бәріміз де көз салдық. Сөйтсек, екеуміз қыз алыспайтын бір рудан екенбіз. Сосын Шегенің рөлін сомдаған Әнуар Молдабеков екеуіміз Құман Тастанбековке көмектестік. Бірақ бастапқыда Меруерт аса ұнатпай жүрді. Сосын жайлап жақындасты, танысты, тілдесті. Ақырында «Қыз Жібектің» бітер кезінде екеуін үйлендіріп, той жасадық. Мен тамада болдым. Өкінішке қарай, қазір «Қыз Жібек» фильміне түскендерден тек Меруерт екеуміз ғана қалдық», – деді Асанәлі Әшімов.

Қыз Жібек – қазақ халқының жыры, қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастандарының ішіндегі ең көркемі. 1970 жылы Сұлтан Қожықов «Қыз Жібек» фильмін түсірді. Бұл жыр – аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар.

Фильм сценарийін жазған Ғабит Мүсірепов Жібек пен Төлегеннің махабаттын ғана жазып қоймай, ел-жұртты бірлікке шақырып, қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрді көрсетуге ұмтылған. Фильм музыкасын саз сайыпқыраны Нұрғиса Тілендиев ұлттық нақышқа келтірсе, ән өлеңдерін Қадыр Мырза Әлі жазған.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Первый канал Евразия (@1tvkz)

Ұқсас жаңалықтар

Қабатовтың екінші әйеліне қатысты тың деректер шықты

Redaktor

Тұрсынбек Қабатовтың қайын апасы: Мөлдір ешкімнің мүсіркеуіне мұқтаж емес

Redaktor

«Томирис» жақында сәбилі болмақ». Актриса Альмира Тұрсын жүкті екенін жариялады

Redaktor

Пікір жазу