Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Нұрғали Нүсіпжанов туған күнінде әйелі туралы ерекше жазба жариялады

әлеуметтік желі

Күні кеше 89 жасқа толған әнші, Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов желідегі парақшасында ерекше жазба жариялады. 

Ол өзінің төрт бірдей бақытын тізіп жазып өткен.

«Жазып та келем,айтып та жүрмін. Тұла бойы талантқа тұнған тау тұлғалардың тәлімін алып, тәрбиесін көрдім. Бірінші бақытым-Ахмет Жұбановтың шәкірті атанғаным. Екінші бақытым-Дінмұхаммед Қонаевтай бірегейдің ілтипатын көріп,ыждаһатпен қараған ықыласына бөлендім. Үшінші бақытым-консерваторияда оқи жүріп Шәмші Қалдаяқов әндерінің кіндігін алғаш кескен адаммын. Төртінші таудай бақытым-Нұрғиса Тілендиевпен 51-жыл дос болдым. Нұр Ағаның:Адалым-ау, Жалғызым-ау деп еркелеткен екі ауыз сөзі мен үшін мемлекеттік қай марапаттан да қымбат, қастерлі әрі қадірлі екенін астын сызып және бір айтқым келеді», — деді ол.

Әнші жоғарыда атап өткен асыл азаматтарға бас иетінін айтып, асыл жары туралы да жаза кетті.

«Өміріме мән берген, сән берген асыл азаматтардың бекзат болмысына басымды иіп, мәңгілік тағзым етем. Ғұмырыма жетер ғибрат берген ұлы ұстаздарымды теңіз түбіндегі інжу-маржандарға теңер едім. Олар ғасырда бір туатын ғұламалар,өмірге екі келмейтін ғажап жандар.Мен сол ағалардың аманатын арқалап қалған адаммын.Бақытымды да, бағымды да еңбектен тапқан ермін, еліммен біргемін, жұртымның ортасындамын.
Теңіз ойдың түбінен сөз маржанын терген серігім бар. Ауырғанда арқа сүйер, қиналғанда қалқан болар адамды бұйыртқан Аллаға-тәубәмді қабыл алып, иманымды беріктегені үшін қарыздар қазақпын. Бүгінім үшін Аллаға шүкір етемін, болашағым үшін де Аллаға тәуекел етемін», — деп рақмет айтты атақты әнші.

Ұқсас жаңалықтар

Сәкен Майғазиевтің Мәдина Сәдуақасованың арасында не бар?

Redaktor

Димаш Мұхтар Шахановтың үйіне көңіл айтуға барды

Redaktor

Хасан Қасымбаевқа қатысты сотта жаңа деректер белгілі болды

Redaktor

Пікір жазу