Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Олжас Абай: Қыз туса да, ұл туса да – ол Құдайдың бергені

Видеодан скрин

Актер Олжас Абай балалы бола алмағанына әйелін кінәлап жүрген ер адамдарға үндеу жасады, деп хабарлайды Revue News.

Өнер иесі жақында жарық көрген фильмінде қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – әйелді бедеулік үшін кінәлау тақырыбын көтергенін айтты. Оның кейіпкері де дәл осындай жағдайды бастан өткереді.

«Кинода қолымнан келгенше көрсеттім. “Бала неге тумайсың?” деп сынап жатады. Ол әйелдің қолында емес қой. “Маған ұл бала керек. Төрт қыздан кейін қайта қыз туып жатырсың” деп айтатындарды мүлдем түсінбеймін. Ондай адамдар қалай ойланатынын білмеймін. Ол Құдайдың қолында. Адамның миына сыймайтын нәрсе ғой», – деді актер.

Олжас Абай ер азаматтарға ой салатын сөз айтты:

«Қыз туса да, ұл туса да – ол Құдайдың бергені. Оған разы болу керек».

Актердің айтуынша, бұл тақырыпты қозғау арқылы ол қоғамдағы отбасылық түсінік пен ер адамның жауапкершілігіне назар аударғысы келген.

Ұқсас жаңалықтар

Ерке Есмахан пластикалық операция жасатты ма?

Redaktor

Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртастың концертінде ел білмейтін қызықтар болатынын айтты

Redaktor

Төреғалидың қарындасы күйеуіне 1,5 млн теңгенің сөмкесін сыйлады

Redaktor

Пікір жазу