Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

«Нұрбектің өзі кінәлі»: Ұлттық құраманың бас бапкері Нұрбек Оралбайды сынға алды

ҰОК

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайдың әлем чемпионатындағы өнері мен алдағы жоспарлары туралы пікір білдірді.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек Оралбай ширек финалда өзбекстандық Жавохир Умматалиевпен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын.

Жалпы, Нұрбек әлем чемпионатында жаман өнер көрсеткен жоқ. Қытайлық қандасымызды жеңуі де оңай болған жоқ, ол да мықты қарсылас. Бірақ ¼ финалда өзбек боксшысымен кездескенде асығыстық танытты. Мұнда кінәнің бір бөлігі өзінде. Сол жекпе-жекте Нұрбекке басқа тактика қажет еді – бірінші нөмірмен емес, екінші нөмірмен жұдырықтасып, қарсыласты күтіп алып, сабырмен бокстасу керек болатын, – деді Қайрат Сәтжанов.

Сондай-ақ Қайрат Сәтжанов Нұрбек Оралбайдың алдағы уақытта басқа салмақта өнер көрсетуі мүмкін екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Қазақстанның әнұранын жаттап жүргенін айтты

Redaktor

Шымкентте скаутинг бойынша алғашқы оқыту семинары басталды

Redaktor

 Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі Қазақстанда тікелей эфирде көрсетілетін болды

Redaktor