Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Өтірік емес, ақиқат»: Эфирге амалсыз барған Индира Елемес шындықты жариялады

Фото: коллаж Azattyq Rýhy.

Әнші Индира Елемес белгілі композитор Арман Дүйсеновтің ұлының қазасына қатысты өз пікірін білдірді. Композитордың ұлы Абылай Арманұлының күтпеген өлімі елді дүр сілкіндірген оқиғалардың бірі болды. Индира Елемес бұл жағдай туралы алғаш рет «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтып, Абылайдың жертөледегі студияда көз жұмғанын жариялаған еді. Осы сөздерінен кейін ол қоғам тарапынан сынға ұшырады.

Әншінің айтуынша, ол аталған бағдарламаға қатысуға бастапқыда құлық танытпаған, тіпті бармайтынын да ескерткен.

Шынымды айтсам, барғым келген жоқ. Бір Алла куә. Студияма келіп, үш сағат күтті. Мен келмеймін дедім. Бірақ бәрібір күтті… Содан соң ұят болды. “Әруағын сыйласаңыз, келесіз” деді. Амалсыз бардым. Барсам, расымен тек мен ғана екенмін. Ұялып бардым. Барғанда да шындықты ғана айттым. Мен не жамандық айттым? Ештеңе. Отбасын жақсы көретінін айттым – ол өтірік емес, ақиқат. Нені түсінбей жатқанын білмеймін. Бір Алла өзі реттейді. Көңіліме ештеңе алмаймын. Себебі ар-ұятым таза, – деді ол.

Индира Елеместің сөзінше, осы жағдайдан кейін ол қатты күйзеліске түсіп, бірнеше күн бойы депрессиялық күй кешкен. Әнші ешкімге зиян келтірмегенін, тек өзіне белгілі ақпаратты ғана жеткізгенін атап өтті.

Айта кетейік, Арман Дүйсеновтің өз музыкалық студиясында көз жұмғанын Индира Елемес бұған дейін растаған болатын.

 

Ұқсас жаңалықтар

Тамара Асар «Қазақстанның Халық әртісі» атанды

Redaktor

Үш әйелім де мені сүйеді – Бекболат Тілеухан

Redaktor

Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовтың басына жасалған операция туралы алғаш рет айтты

Redaktor

Пікір жазу