Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жас қызбен бірге түскен суреті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Әңгімеге арқау болған фото @shik_cosmetolog Instagram парақшасында жарияланған. Парақша иесі суретке қатысты туындаған сұрақтарға бастапқыда:
«Сәкен менің ағам, суретке ағаммен түстім» — деп жауап берген.
Алайда желі қолданушылары бұған күмәнмен қарап, Сәкен Майғазиевпен құшақтасып түскен қызды танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айман болуы мүмкін деген болжамдарын жаза бастады. Осыдан кейін пікірлер қарша жауды.
Желіде жазылған кейбір пікірлерде:
«Мынау Тұрсынбектің Айманы ма, ендігі кезек Сәкендікі», «Мұндай фотоларды көруге қорқатын болдық», «Ағаң болса, неге мынадай сезімге толы ән қойып қойғансың?»,
«Сәкеннің әйелінен подкаст күтейік»,«Бәрі де солай «аға» деуден басталады» — деген сарындағы жазбалар кездеседі.
Қазіргі таңда аталған суретке қатысты Сәкен Майғазиев те, болжамға іліккен тараптар да ресми пікір білдірген жоқ. Дегенмен бұл жағдай қазақстандық шоу-бизнес өкілдеріне қатысты желідегі талқылаулардың әлі де толастамайтынын көрсетті.
