Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Сәкен Майғазиевтің Мәдина Сәдуақасованың арасында не бар?

Фото: әлеуметтік желі

Әнші Сәкен Майғазиев желіде тарап жатқан қауесеттерге нүкте қойды. Ол «1001 түн» студиясында қонақта болып, өзіне және әріптесі Мәдина Сәдуақасоваға қатысты тараған түрлі әңгімелерге жауап берді.

Сәкен Майғазиевтің айтуынша, Мәдина Сәдуақасовамен таныстығы ертеден, студенттік кезден бастау алады.

«Мәдинамен отбасылық достармыз. “Жақсыда жаттық жоқ” дейді қазақ. Студент кезімізде дос болдық, кейін “Жас қанатқа” қатысқан өнерпаздармен бәріміз бір әулеттің баласындай араласамыз», – деді әнші студияда.

Сәкен Майғазиев сондай-ақ Мәдинаның әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жұмбақ жазбасына қатысты да түсінік берді. Әншінің айтуынша, бұл тек шығармашылық контент, жеке өмірге қатысы жоқ.

Желі қолданушылары соңғы уақытта екі өнерпаздың жиі бірге көрінуіне назар аударып, түрлі пікір білдіріп жүр.

«Мәдина бойдақ қыздар сияқты жүреді», «Сәкеннің әйеліне де оңай емес», «Күйеуіммен жүргеннен гөрі Сәкенмен жүргені көп», – деп сынап жазған.

Алайда желідегі өзге пікір иелері бұл жағдайды табиғи достық ретінде қабылдап, әншілердің арасындағы жылы қарым-қатынасқа түсіністікпен қарауда:

«Түк ерсі емес. Әзілдесіп, күліп жүргенге не жетсін», «Керемет, көз тимесін», «Әзілдері жарасып тұр», – деп қолдау білдіргендер де бар.

Қос әнші тыңдарманға бірлескен жаңа туынды ұсынбақ. Мәдина Сәдуақасова өзінің парақшасында:

«Айтпақшы, дуэт кіммен? Сәкешпен! Ән күшті, жүректерді қозғайды. “Сенсіз маған” деп аталады», – деп жазды.

Әнді Сәкен Майғазиевтің 50 жылдық мерейтойында алғаш рет бірге орындайды деп жоспарланып отыр.

Сәкен Майғазиев бұған дейін де отбасылық өміріне араласатын желі қолданушыларына сабырмен жауап беріп жүргенін айтқан. Ол отбасылық құндылықтарды жоғары қоятынын және өсек-аяңға мән бермейтінін жеткізді.

«Мен де өз отбасымның бақытты болғанын қалаймын. Бірақ біреудің жеке өміріне араласу дұрыс емес. Мәдина –  әріптесім әрі жақсы досым. Өнерде сыйластық бәрінен жоғары тұруы керек», – деген еді әнші бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде.

Ұқсас жаңалықтар

Өзбекстанға жақын жерден арнайы іздедім — Айдар Тұрғанбек

Redaktor

10 жас кіші жігітке тұрмысқа актриса жылап қалды

Redaktor

Шахизада төртінші күйеуі жайлы бар шындықты айтты

Redaktor

Пікір жазу