Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Танымал әншінің көпшілік күтпеген видеосы тарады

Видеодан скрин

Танымал әнші Медеу Арынбаевтың әлеуметтік желіде тараған видеосы көптің қызу талқысына түсті.

Бейнежазбаны әріптесі, әнші Құдайберген Бекіш өз парақшасында жариялаған. Кадрлардан Медеу Арынбаевтың көтеріңкі көңіл күйде ән айтып отырғанын көруге болады.

Жарияланым астына пікір қалдырған желі қолданушыларының ойы екіге бөлінді. Бірі видеоны әзілмен қабылдаса, енді бірі сын айтты:

«Құдайберген аға, бұл видеоны шатастырып жариялап қойғансыз, өз чатыңызға салу керек еді», «Медеу Арынбаев мас сияқты»,«Ішсе – ішсін, несі бар?», «Медеу ағадай адал еркек қалмады»,«Ішкен болса да, бір себебі бар шығар», «Тойып алыпты», деп жазды оқырмандар.

Қоғам назарын аудартқан видеоға қатысты Медеу Арынбаевтың өзі пікір білдірген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Прокуратура Жетісайдағы өрттен қаза тапқандардың тізімін жариялады

Redaktor

Әйелім мен балам мені қабылдамады — Сәкен Қалымов

Redaktor

«Барлығы сот арқылы шешіледі»: Баян Алагөзова маңызды ескерту жасады

Redaktor