Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Сиырға туған күн бұзауға да туады»: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызға қатысты пікіріне нүкте қойды

әлеуметтік желі

Танымал продюсер әрі медиа тұлға Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Өмірғалимен және оның ата-анасымен арадағы қарым-қатынас жайлы пікір білдіріп, әлеуметтік желіні тағы да қызу талқыға салды.

Threads желісінде бір оқырман Айдарбековадан:

«Жұлдыз және оның ата-анасымен қарым-қатынасты неге дұрыстамайсыз?» – деп сұраған.

Гүлзира Айдарбекова оған былай деп жауап жазды:

«Мен Құдай емеспін ғой бәрі менің қолымда болатындай. Әр адамның өз қалауы бар. Оның үстіне 5 козырь қолында, оның бәрі өз ұрпағым. Әрі керең, әрі соқырмыз. Солардың бақыты үшін не істемейміз? Көрінген таудың алыстығы жоқ, балалары өсіп жатыр. Сиырға туған күн бұзауға да туады. Сол кезде бәрін түсінетін болады», – деді продюсер.

Сонымен қатар, бір оқырманның «ұлыңызды жаныңыздан алыстатпайсыз» деген сөзіне Айдарбекова қатқылдау жауап қайтарды.

«Жаныма байлап қойғаным жоқ. Продюсер ретінде жұмысымды жасап жүрмін. Бала-шағасы қасында, ешқайда кеткен жоқ. Басқа әйел де алып кеткен жоқ. Ұлдарыма тоқал алсаңдар, мені тірідей көме салыңдар, немерелерімді жылатып жүрегімді жараламаңдар дегенім бе?», – деп ашуын жасырмады.

Айдарбекованың бұл жауабы желі қолданушыларын екіге бөлді: бірі продюсердің аналық уайымын түсінсе, енді бірі оның ашық айтқан пікірін сынға алған.

Ұқсас жаңалықтар

Асылхан Төлеповтің қарындасы екінші рет тұрмысқа шықты

Redaktor

Үш әйелім де мені сүйеді – Бекболат Тілеухан

Redaktor

Тұрсынбек Қабатовтың қайын апасы: Мөлдір ешкімнің мүсіркеуіне мұқтаж емес

Redaktor

Пікір жазу