Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Сүйкімді күйеуімді ешкіммен бөліспеймін»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбекке қатысты ойын ашық айтты

Ашық дереккөз

Желіде актриса әрі тележүргізуші Мөлдір Мұқанованың бірнеше жыл бұрын берген сұхбаты қайта тарады. Онда ол отбасылық өмір мен ер адамның рөлі туралы өз көзқарасын ашық білдірген.

Мөлдірдің айтуынша, ол күйеуі Тұрсынбек Қабатовты үй шаруасына араластырмайды.

«Ер адамның ас бөлмесінде жүргеніне, үй шаруасын істеуіне қарсымын. Тіпті қоқыс шығарудың да қажеті жоқ. Әйел адам үйдің берекесін сақтап, тамағын дайындап, өзін күтіп отырса, ер адам жұмысында табысты болады», – деген ол сұхбатында.

Сонымен қатар Мөлдір Мұқанова жұбайының екінші әйел алуына түбегейлі қарсы екенін де айтты.

«Мен ондайға келіспеймін. Дайын, әдемі, сүйкімді күйеуімді ешкіммен бөлісе алмаймын. Мен қызғаншақпын, ал Тұрсынбек ондайды айта да алмайды. Ондайға жол бермеймін», – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова: Енді байға тимеймін

Redaktor

«Жертөледе қайтыс болған жоқ»: Арман Дүйсеновтің әйелі композитордың өліміне қатысты алғаш рет пікір білдірді

Redaktor

Абай Бегейдің қызы Сымбат Абайқызы алғаш рет ана атанды

Redaktor

Пікір жазу