Өзін «голливудтық мейкапер» деп атайтын визажист Роберт Минасян Алматыға Қазақстанның экс-президентінің кенже қызы Әлия Назарбаеваның туған күніне барғанын айтты, деп хабарлайды beksports.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Минасянның сөзінше, Әлия Назарбаева оны мерекелік макияж жасау үшін қомақты қаламақыға арнайы шақырған. Визажист экс-президенттің кенже қызының үйінде бес күн қонақ болғанын жеткізді.
Мен Birkin сөмкесін алғаш рет шамамен 20 жыл бұрын Алматыда көрдім. Қысқасы, Әлия Назарбаева мені туған күніне макияж жасауға шақырды. Арнайы Мәскеуден ұшып бардым. Олардың үйінде бес күн болдым, демалдық. Шынын айтсам, таңертеңнен кешке дейін іштік. Жақсы табыс таптым: бір макияж үшін маған 10 мың доллар төледі. Ол мені өзінің құрбысы Светамен таныстырды. Оны Қазақстандағы «гауһар ханшайым» деп атайды, алмаз бизнесінің барлығы соның қолында. Ол Әлияның үйіне құны 50 мың доллар тұратын осындай сөмкемен келген еді, – деп әңгімеледі Минасян Рустам Солнцевке берген сұхбатында (@solncevrusya).
