Желіде танымал әнші Бейбіт Сейдуәлиеваның америкалық супержұлдыз Уитни Хьюстонның әнін шырқап айтқан ескі видеосы кең тарады.
Видеоны қоғам белсендісі Өмір Шыныбекұлы жариялап, Бейбіттің даусын жоғары бағалады. Оның айтуынша, бейнежазба жасанды интеллект пайда болғанға дейін түсірілген, ал әншінің дауыс тембрі Хьюстонды еске түсіреді.
«Бұл әнші қыздың талантын күйеуі тоқтатып қойған сияқты… Даусы — керемет. Марқұм Уитни Хьюстонды тыңдап отырғандай болдым. Видеода ЖИ жоқ — ескі түсірілім екені анық. Осы дауыспен үлкен сахна бағынар еді», — деп пікір білдірді ол.
Желіде Бейбіттің табиғи дарынына тәнті болғандар өте көп. Пікірлердің бір бөлігі төмендегідей:
«Бейбіттің ондай потенциалы болғаны рас», «Көп әйел талантын үй мен бала үшін құрбан етеді»,«Бейбіт өте мықты әнші. Бұл дауыспен әлемдік деңгейге шығуға болар еді», «Ауылдың тойында он бес жасында тыңдағанмын. Дауысы ерекше еді».
Көпшілік Бейбіттің вокалдық мүмкіндігі Тоқтардан жоғары екенін де жазды, әрі оған кәсіби сахнаға шығуға мүмкіндік берілсе, басқа биіктерді бағындыра алатынын атап өтті.
Желіде қызу талқыға түскен видео отандық шоу-бизнестегі жасырын таланттардың бағаланбай қалғанына қатысты пікірталас тудырды.
@semei_telearnasy 🎶 Қазақ ән өнерінің шоқтығы биік жұлдыздарының бірі – Бейбіт Сейдуәлиева. Әншінің жас күнінде жанды дауысты шырқаған әні әлеуметтік желі қолданушыларды таң-тамаша етуде. ✨ Әйтпесе, атақты американдық жұлдыз Уитни Хьюстонның «I Will Always Love You» әнін нақышына келтіре орындау кез-келген әншінің қолынан келе бермейді. 🔥 Семейліктер ерекше сүйіп тыңдайтын өнер иесінің тағы бір әнін назарларыңызға ұсынып отырмыз. #абайоблыстықтелеарна #абайоблысы #аймақтыңбастыарнасы #semei #әнменәнші#бейбітсейдуалиева#whitneyhouston ♬ оригинальный звук — SEMEI TV
