Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Төреғалидың анасы киімдерін сатып жатыр деген ақпарат желіде талқыға түсті

Ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде әнші Төреғали Төреәлінің анасы Аягөз Төлепованың бұрын киген киімдерін сатып жатқаны туралы ақпарат тарады. 

Аталған мәлімет Threads әлеуметтік желісіндегі қолданушылардың бірінің жазбасынан кейін қызу талқылана бастады. Желі қолданушысы бұл жағдайға қатысты өз ойын білдіріп, оқырмандардан кеңес сұраған.

«Төреғалидің мамасы бір киген киімдерін сатып жатыр екен. Біз де Төреғалидің анасындай бақытты ана болайық, балаларымыз Төрештей бай-қуатты, Толқындай текті келінді болсын деп ырымдап алып жатқандар көп екен. Мен де анама алып берсем бе деп ойлап қалдым. Жалпы, керек пе өзі?» – деп жазды ол.

Бұл жазба желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Кейбірі мұны орынсыз деп бағаласа, енді бірі қалыпты жағдай ретінде қабылдады.

«Киілген киімнің қажеті жоқ», «Тегін берсе болар еді», «Біреудің қаңсығы біреуге таңсық деген осы», деп жазғандар да болды. Ал басқа пікір иелері: «Онда тұрған ештеңе жоқ, сұраныс болса – сата береді», «Алам деген адамға тыйым жоқ», деп қолдау білдірді.

Қазіргі таңда бұл ақпаратқа Аягөз Төлепованың өзі немесе оның отбасы тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

 Сүйінші жаңалық: Марқұм Шерзат Полаттың отбасы жаңа үйге қоныс аударды

Redaktor

«Студияда емес!» Арман Дүйсеновтің қазасына қатысты жаңа мәлімет шықты

Redaktor

Қыдырәлі Болманов: Мөлдір өзімнің қарындасым сияқты болып кетті

Redaktor

Пікір жазу