Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Тұрсынбек Қабатов мәлімдеме жасады

Фото: tv.telecom.kz

Әлеуметтік желіде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың халықты телефон және интернет алаяқтарынан сақтандыруға үндеген видеосы тарап жатыр.

Әзілкештің айтуынша, соңғы уақытта, әсіресе Батыс Қазақстан облысында, соның ішінде Орал қаласында телефон арқылы алдайтын қылмыскерлер көбейген.

«Құрметті достар! Алаяқтар көбейіп кетті. Әсіресе ата-әжелерге, аға-жеңгелерге айтарым – өте сақ болыңыздар. Банктен хабарласып, құжат сұрайды, СМС кодты айтқызады, “шотыңызды бұзайын деп жатыр, атыңыздан кредит алып жатыр” деп сендіреді. Тіпті полициямыз деп хабарласып, “ұлыңыз бізде отыр” деп ақша талап етеді», – деді Қабатов.

Ол сондай-ақ алаяқтар қоңырау кезінде банктің немесе полиция бөлімінің фонын имитациялайтын жасанды дыбыстар қосатынын да айтты.

«Ешкімге жеке мәлімет бермеңіздер. Банк те, полиция да телефон арқылы ақша сұрамайды. Алаяқтарға алданбаңыздар!» – деп ескертті ол.

Айта кетейік, соңғы уақытта елімізде телефон және интернет алаяқтық фактілері жиілеп кеткен. Маман-тәртіп сақшылары да үнемі азаматтарды сақ болуға шақырып келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Әнші Бүркіттің қарындасы өзіне қандай ер азаматтар ұнайтынын ашық айтты

Redaktor

«Адасқандық!»: Қарақат Әбілдина Тұрсынбек пен Мөлдір дауына пікір білдірді

Redaktor

«Әріптестері біліп үндемеген». Қабатовтың жеке өміріне қатысты жаңа дерек жұрт назарын аудартты

Redaktor

Пікір жазу