Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Тұрсынбек Қабатовқа қатысты Меккеде түсірілген видео желіде қызу талқыға түсті

Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қатысты бейнежазба тарап, желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

«Тұрсынбектің Айманы» атты TikTok парақшасында қасиетті Мекке қаласында түсірілген видео жарияланған. Кадрда арбада отырған ер адамды жанындағылар сүйреп алып бара жатқан сәт көрсетіледі. Бұл көрініс көпшілікті алаңдатып, түрлі сұрақтардың тууына себеп болды.

Жазба авторы бейнежазбаны діни мазмұндағы сауалмен ұсынған. Осыдан кейін желі қолданушылары:

«Кешірілмейтін күнә да бар», «Тұрсынбек жүре алмай қалған ба?», «Арбаға таңылып қалды ма?», — деген сынды пікірлер қалдыра бастады.

Кейінірек бұл видеоға қатысты Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айман да үн қатты. Айман қасиетті Меккеде түсірілген бейнежазбаны өзі жариялағанын айтып, тараған қауесеттерді жоққа шығарды.

Айманның айтуынша, бейнежазбада Қағбаны тауап етіп жүрген сәт бейнеленген, ал арбадағы адамның Тұрсынбек Қабатов екені жөніндегі болжамдар шындыққа жанаспайды.

«Құрсын адамдар, не болып кеткен? Қарапайым видеоны бұрмалап, арбаға таңылды, ауру деп шығарып жатыр. Субханаллаһ! Осы фотосуретті қалайша бұлайша қабылдауға болады?» – деп жазды ол.

Осылайша, желіде тараған видео қоғамда түрлі алыпқашпа әңгімеге себеп болып, кейін Айманның түсіндірмесінен соң ғана жағдайдың шынайы мән-жайы белгілі болды.

Ұқсас жаңалықтар

Сәкен Майғазиевтің келіні қуанышты жаңалығын айтты

Redaktor

«Сырқатына қарамастан сахнаға шықты»: Димаш Құдайберген 40 градус қызумен концерт өткізген

Redaktor

Заңғар Нұртас ағасы Қайрат Нұртастың отбасына қатысты пікір білдіргендерді сынға алды

Redaktor

Пікір жазу