Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Тұрсынбек Қабатовтың қайын апасы: Мөлдір ешкімнің мүсіркеуіне мұқтаж емес

instagram.com/moldir.mt

Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова арасындағы жағдай қоғамда қызу талқыланып жатқан тұста, Мөлдірдің туған әпкесі сіңлісіне қолдау білдірген жазба жариялады.

Әпкесі әлеуметтік желідегі парақшасында Мөлдірдің мінезі мен тәрбиесі туралы айтып, оның әулетінің құндылықтарын атап өтті.

«Қазір әлеуметтік желіде бәрі ақыл айтып жатыр. Көпшілігі Мөлдірді қолдап жатқанын көріп отырмыз. Бұл жерде мен Мөлдірдің әке-шешеміздің қанымен, тәрбиесімен келген тектілігін айтқым келеді. Қанша опасыздық жасаса да, ол Тұрсынбекті «мырза»  деп құрметпен сөйлеп, көңілдесі туралы бір ауыз жаман сөз айтпады», – деді ол.

Оның айтуынша, әулетінде отбасы құндылықтары әрқашан бірінші орында болған.

«Мөлдір 14 жыл бойы отбасыны сақтау үшін барын салды. Біздің үйде ешқашан ата-анамыз дауыс көтеріп ұрыспаған. Мөлдір сол тәрбиені бойына сіңіріп өсті. Сондықтан да қандай жағдай болса да отбасын сақтағысы келді», – деп жазды әпкесі.

Сонымен қатар, ол Мөлдір берген сұхбатта айтылмаған жайттардың көп екенін жеткізді.

«Интервьюда бәрі айтылған жоқ. Бірақ Мөлдір ешкімнің аяғанына мұқтаж емес. Бізді өмір ерте есейтті. Мөлдір жалғыз емес –  жанында оған жанын берер бес бауыры, ағайындары және шын жанашыр достары бар», – деді ол.

Әпкесі жұртты бұл дауды одан әрі ушықтырмауға, Мөлдірге қолдау көрсетіп, өз өміріне, балаларының тәрбиесіне көңіл бөлуге шақырды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Нұрғали Нүсіпжанов желіде қошеметке бөленді

Redaktor

 Сүйінші жаңалық: Марқұм Шерзат Полаттың отбасы жаңа үйге қоныс аударды

Redaktor

Жеті жылға сотталған Бақытгүл Хаменованың тойдағы фотосы тарады

Redaktor

Пікір жазу