Белгілі актер, «Бауыржан шоу» әзіл-сықақ театрының жетекшісі Бауыржан Ибрагимов тойдағы жас келіншегімен көзге түсті.
Әзілкеш тойда тілек айтып тұрғанда жас келіншегімен көзге түсті.
«Жап-жас әдемі келіншегі бар екен ғой», « Екіншісі сияқты», «Жас қыздарға не болған?», «Мен бесінші сыныпта оқыған кезде түрі осындай еді, әлі сол қалпы», «Бауыржан шоуда» ойнағанда шын өмірін көрсеткен екен», «Тұрсынбектен кейнгі сериал басталып кетті ме?» , Бәкең биші қыз алған ба?», «Қасындағы айелі ме жап жас қой», «Тұрсынбек осыларды көріп бұзылған екен», «Ағамыз мықты азаматтар ұрпақ көбейту керек», «Байлар 2 3 қатынан алып ұрпақты көбейткені дұрыс», -деген сияқты пікірлер жазылған.
Негізі бұған дейін актер қазақ халқының демографиясына қосқан үлесі туралы ашық пікір білдіргені бар.

Өнер иесінің айтуынша, оның жеті баласы бар, алайда олардың барлығы бір әйелден дүниеге келмеген. Бұл шешімге ол саналы түрде келгенін жасырмады.
«Жеті балам бар, бір әйелден емес. Сол балаларды өмірге әкелу үшін мен бір іштей шешімге келдім. Қай әйел қасындағы жары қазақтың саны аз екен деп біреумен бөліседі? Әрине, бірінші жұбайым оңайлықпен келісе қойған жоқ», – деді актер.
Бауыржан Ибрагимов өзінен ұрпақ көргісі келетін келіншектердің аз еместігін де айтты. Алайда олардың көбі мұндай ұсынысты ашық білдіруге ар-ұяты жібермейтінін жеткізді.
«Біреулер қалжыңдап айтады, біреулер шын ниетімен айтады. Бірақ ашық келіп ұсыныс жасамайды. Ақыл-парасаты бар қыздардың ар-ұжданы ондайға бармайды. Ал жеңілтек өмірге үйреніп кеткендердің ойына ондай жауапкершілік келмейді», – деді ол.
Актер ұрпақ жалғастыру жеке адамның емес, ұлттың мүддесі болуы керек деген пікірде.
«Менің ойымша, ұрпақтың жалғасуы – жеке адамның мүддесінен биік тұруы тиіс. Әйелі ренжуі мүмкін, бірақ Әкім Тарази сияқты ірі тұлғалардан ұрпақ қалмаса, кімнен қалады? Сондықтан ол кісінің қайта үйленіп, артынан үш ұл сүйгенін жоғары бағалаймын», – деп атап өтті Бауыржан Ибрагимов.
Сондай-ақ актер қазіргі жұбайы Дана Әкімқызымен және қайын жұртымен арадағы қарым-қатынасқа да тоқталды. Оның айтуынша, жұбайы әкесінен гөрі анасына жақын.
«Дана – екі жоғары білімі бар, білімді адам. Бірақ бұл жерде түсініспеушілік болды. Мен олардың ара-қатынасын түзетуге тырыстым, алайда екі жақтан да ниет болмаған соң, араласпай қойдым. Бұл жағдайдың артында үлкен дүниелер жатқанын бәрі бірдей түсіне бермейді», – деді ол.
@aiko.tkk♬ оригинальный звук — SABINA
