«Нұр-Мұқасан» тобының жаңа әншісіне қол жұмсады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған Мұқасан Шахзадаев Алматыдағы концерттердің бірінде өнер көрсетті.
9 желтоқсанда Алматыда ақын Олжас Отардың «Ауырмайды жүрек» шығармашылық кеші өтті. Әдебиет пен музыканы тоғыстырған іс-шараға қазақ эстрадасының танымал әртістері – Саят Медеуов, Досымжан Таңатаров, Қайрат Нұртас, Қанат пен Света, Тоқтар мен Бейбіт, Ернар Айдар, Әлішер Кәрімов және Абай Бегей қатысты.
Концерт барысында Мұқасан Шахзадаевтың сахнаға көтеріліп, ән салғаны байқалды. Ақын Олжас Отар Instagram парақшасында Мұқасанның сахнадағы видеосын жариялады. Сонымен қатар Досымжан Таңатаров өз сторисінде Мұқасанмен түскен суретін бөлісіп, көпшіліктің назарын аударды.
