Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Сәкен Майғазиевтің әйелінің тойдағы образын желі қолданушылары талқыға салды

Фото: әлеуметтік желі

Әнші Сәкен Майғазиев құдаларының қуанышына ортақтасып, Маңғыстауда өткен тойға қатысқанын хабарлады.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Құдаларымыз екінші қызын ұзатып, байырғы (ескі) құда деген айдар тағып, маңғаз Маңғыстаудың төрінде аунап-қунап, Аллаға шүкірлер мен мақтаулар айтып, қайта жолға шықтық. Ұрпақтарымыз адал жарларын тауып, саналы, салиқалы ұрпақтарымызды өрбітуін нәсіп етсін. Күллі қазаққа жұғысты болсын», – деп жазды ол.

Алайда тойдан жарияланған сурет көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары әншінің қара түсті образына түрлі пікір жазған.

«Неге сонша қап-қара болып киініп алған? Той болған соң жарқын түстер кисе жарасар еді», «Орамалдың сыртынан бас киім кисе жараспайды. Не тақия, не орамал – біреуін ғана таққан дұрыс», «Қара костюмі жараспай қалды, жанындағы Динараға қарағанда ұсқынсыз көрінеді», – деп сын айтушылар табылды.

Сонымен қатар, тойдағы жұптың жарасымын атап, ақ тілектерін жаудырғандар да аз болған жоқ.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Ұқсас жаңалықтар

Төреғалидың анасы киімдерін сатып жатыр деген ақпарат желіде талқыға түсті

Redaktor

Тұрсын Алагөзов енді 65 жастан асқан ата-аналарға ай сайын 50 мың теңге зейнетақы төлейді

Redaktor

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйеліне қатысты ақпарат тарады

Redaktor