Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Жеті жылға сотталған Бақытгүл Хаменованың тойдағы фотосы тарады

baq.kz

Атырауда бұрынғы облыс әкімінің орынбасары әрі Мәжіліс депутаты болған Бақытгүл Хаменова тойда құрметті қонақ ретінде көзне түсті.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ол бірінші қатарда тұрған шенеуніктер мен полицейлердің ортасында тұрғаны байқалады.

Еске салайық, Хаменова 2022 жылы 4,5 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол бұл ақшаны Абай ескерткішін орнату ісіне қатысты алған деп танылған. Сондай-ақ, сот үкімі бойынша ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылған және мүлкі тәркіленуге тиіс еді.

Алайда, облыстық соттың мәліметінше, үкімнің орындалуы үш жылға кейінге қалдырылған, себебі Хаменованың екі кішкентай баласы бар.

Бақытгүл Хаменованың есімі Қазақстан жұртшылығына бұрыннан таныс. Ол Мәжіліс депутаты кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын қолдаған тұлғалардың бірі болған. 2017 жылы Хаменова ел астанасын «Елбасы» деп өзгерту туралы ұсыныс жасаған еді, бірақ бұл бастама Назарбаевтың өзінен қолдау таппады.

Видеодан скрин

Ұқсас жаңалықтар

«Барлығыңды Қайрат асырап отыр»: Гүлзира Айдарбекованың екінші келіні үн қатты

Redaktor

Олжас Абай: Қыз туса да, ұл туса да – ол Құдайдың бергені

Redaktor

Жанар Дұғалова жаңа туған сәбимен түскен суретін жариялады

Redaktor

Пікір жазу