Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртастың концертінде ел білмейтін қызықтар болатынын айтты

Фото: zhuldyz.abdukarimova/instagram

Белгілі актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде оқырмандарының сауалдарына жауап беріп, жұбайы Қайрат Нұртастың алдағы концертіне қатысты өз ойын айтты.

Көпшілік оны «Қайраттың концертіне қатыспайсыз ба?» деп сұраған еді. Бұған Жұлдыз әзілмен жауап беріп, сахна сыртындағы дайындыққа белсене араласып жүргенін көрсетті.

Неғып жатырсыздар? Жүрміз ғой басы-қасында. Бәрі бақылауда. Уайымдамаңыздар, – деп жазды ол Instagram парақшасында.

Актриса сондай-ақ концерттің ерекше болатынын айтып, тыңдармандарды қызық сәттер күтетінін жеткізді.

Дайындық қызу жүріп жатыр. Бұл жолғы масштаб бұрынғыдан өзгеше. Сахнада сіздер білмейтін көптеген қызықтар болады. Ертең келіп, өз көздеріңізбен көріңіздер, – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары актрисаның осындай қолдауына тәнті болып, «нағыз серік», «осындай әйел барда ер мықты болады» деген жылы пікірлер қалдырды.

Ұқсас жаңалықтар

Өзбекстанға жақын жерден арнайы іздедім — Айдар Тұрғанбек

Redaktor

«Өз анамды шақырдым»: Гүлзира Айдарбекованың келіні енесінің көмектеспейтінін ашық айтты

Redaktor

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімова туралы сұраққа ашулы жауап берді

Redaktor

Пікір жазу