Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

«Астанаға» ауыса ма? Әлібек Қасым «Ақтөбеден» кетуі мүмкін

"Ақтөбе" ФК

Қазақстан құрамасының және «Ақтөбе» клубының қорғаушысы Әлібек Қасымның мансабында күтпеген бетбұрыс болуы мүмкін. Оған биыл Премьер-лигаға қайта оралған «Елімай» командасы қызығушылық танытып отыр.

Семейлік клубтың бас бапкері Андрей Карпович ойыншымен «Қызылжардағы» жұмысы кезеңінен жақсы таныс. Сондықтан ол Қасымды командаға шақыруды жоспарлап отыр. «Елімай» алдағы жылы УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңінде бақ сынайтындықтан, бірқатар позицияларды сапалы күшейтуге ниетті.

Дегенмен Әлібек Қасымның «Ақтөбемен» қолданыстағы келісімшарты бар, сондықтан бұл ауысым тек екі клубтың өзара келісімі нәтижесінде жүзеге асуы мүмкін.

Бұған дейін футболшыға елордалық «Астана» клубы да қызығушылық танытқаны хабарланған.

Өткен маусымда Қасым ҚПЛ аясында 19 матч өткізіп, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Алдыңғы үш маусымда ол «қызыл-ақтардың» сапында 16 гол соққан. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы сапында 13 ойын өткізіп, 1 голдың авторы атанған.

Ұқсас жаңалықтар

Олимпиадаға іріктеу: хоккейден Қазақстан құрамасы Австрияны ұтты

Redaktor

Әмір Омарханов алғаш рет АТР рейтингіне енді

Redaktor

Геннадий Головкин ХОК-тің штаб-пәтеріне барды

Redaktor

Пікір жазу