Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Бірнеше клубтан ұсыныс бар: Ғалымжан Кенжебек тағы да Еуропаға кетуі мүмкін

Kff_team

«Елімай» клубының 22 жастағы жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек қайтадан Еуропаға кетуі мүмкін. AS басылымының мәліметіне сүйенсек, оған Түркия Суперлигасының бірнеше клубы қызығып отыр.

Басылым Қазақстан қазіргі футбол жүйесін сақтап, оны дамытуды жалғастырса, Орталық Азиядағы футбол державаларының біріне айнала алатынын да жазған.

Түркия клубтары қазақстандық жас таланттарға қызығушылық таныта бастады. Жас жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек Суперлигадағы екі команданың трансферлік тізіміне енді. Бұл қазақстандық жаңа буын футболшыларының жоғары деңгейге дайын екенін көрсетеді, – деп жазды AS.

Айта кетейік, Ғалымжан Кенжебек 2024 жылы Словакияның «Кошице» клубынан Семейдің «Елімай» клубына ауысқан болатын. Осы маусымда футболшы ҚПЛ-да 11 матч өткізіп, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар ол Қазақстан құрамасында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Лихтенштейнге қарсы ойында 2 гол соғып, 1 нәтижелі паспен көзге түскен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан футбол федерациясының жаңа бас демеушісі анықталды

Redaktor

Головкиннің мұрагері «Канелоның» бұрынғы қарсыласымен жұдырықтасады

Redaktor

Тимофей Скатов әлемдік рейтингіде бірден 38 сатыға жоғарылады

Redaktor

Пікір жазу