Beksports спорт порталы
Спорттан тыс

«Дуалап алды»: Абай Асылхан екі баласы бар әйелге қалай үйленгенін айтты

Жеке парақшадан алынды

Танымал актер Абай Асылхан отбасылық өмірі жайлы сыр шертіп, әйелі актриса Жанель Мақажанға қатысты сұраққа жауап берді.

Жанель ханым менінен 8 жас үлкен. Ол менен алғаш араласқан кезде өзінің бұрынғы отбасы болғанын, екі баласы бар екенін айтқан еді. Сол кезде мен студентпін, ешқандай ойым болған жоқ. Кейін біз бір жобада бірге жұмыс істегенде оған деген жылы сезім пайда болды, – деді актер.

Абай Асылхан өзінен үлкен келіншекті таңдауға ата-анасының да қарсы болғанын жасырмады:

Өзіңнен 8 жас үлкен, екі баласы бар, ағайын-туыстың сөзі бар, ұят болады, қалай болады деп ата-анам айтты. Біз көп сынақтардан өттік. Қазақстанда да көп сөз болды: ‘Табалдырық көрген қатынды қайтесің, дуалап алды, тележкасы бар қатынды қайтесің’ деген сияқты пікірлер айтылды, – дейді актер.

Ұқсас жаңалықтар

«Әйелімді жоғалтып ала жаздадық»: әнші Айдана Меденованың күйеуі ауыр оқиғамен бөлісті

Redaktor

Танымал журналист Бағдат Әшімованың Асанәлі Әшімов әулетіндегі ерекше орнын ашып айтты

Redaktor

«Қатын жолда, бала белде»: Танымал актер Тұрсынбек Қабатовты қолдап, жазбасымен дау тудырды

Redaktor

Пікір жазу