Beksports спорт порталы
ЖаңалықтарТеннис

Тимофей Скатов әлемдік рейтингіде бірден 38 сатыға жоғарылады

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жариялаған әлемдік рейтингіде қазақстандықтардың орны белгілі болды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 24-тен 25-ке, сондай-ақ Александр Шевченко 56-дан 58-ге сырғыса, Михаил Кукушкин 135-тен 132-ге, Денис Евсеев 160-тан 153-ке көтерілді.

Өткен аптада Бостад (Швеция) ATP 250 турнирінің ширек финалына дейін жеткен Тимофей Скатов 223-тен бірден 38 сатыға жоғарылап, 185-тен бір шықты. Дмитрий Попко 186-дан 187-ге төмендеді.

Жұптық сында Александр Недовесов 49-дан 54-ке түссе, А.Бублик – 131, Андрей Голубев 148-орнын сақтап қалды.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде тағы бір футбол клубы жекенің қолына өтті

Redaktor

«Селтикке» қарсы ойында үш пенальти қайтарған Темірлан Анарбеков үшін бүгін ерекше күн

Redaktor

Данияр Елеусінов Геннадий Головкинмен қазіргі қарым-қатынасы туралы айтты

Redaktor