Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутбол

Флорентино Перес 2026 жылы «Реал» президенті қызметінен кетеді

Фото: AFP

Мадридтің «Реал» клубын 22 жылдан бері басқарып келе жатқан Флорентино Перес 2026 жылы өз еркімен қызметінен кетуі мүмкін. Бұл туралы журналист Пепе Алварес хабарлады. Перестің өкілеттік мерзімі 2028 жылға дейін болса да, ол билікті жоспарлы түрде тапсыру туралы ойлануда.

Алайда оның нақты кету себебі айтылмады. Дегенмен клуб ішіндегі ахуал тұрақты: Хаби Алонсоның алғашқы маусымында «Реал» Ла лигада көш бастап тұр және Чемпиондар лигасында да сәтті ойын көрсетуде.

Бұған дейін Перестің «Алтын доп» марапатына байланысты наразылығы мен клуб делегациясының Париждегі марапаттау рәсіміне бармауы үлкен резонанс тудырған еді.

Перес 78 жаста. Ол «Реалды» екі кезеңде (2000–2006 және 2009 жылдан бері) басқарып келеді. Оның басқару кезінде клуб 37 трофей жеңіп алды, соның ішінде 7 рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

2025 жылдың қаңтарында Перес қайта президент болып сайланған еді. Оның өкілеттігі 2028 жылға дейін жалғасуы керек.

Ұқсас жаңалықтар

Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының үздік ойыншыларының қатарында

Redaktor

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Redaktor

Әлем чемпионатында жеңіліп, халықты кінәлаған боксшыға екі бөлмелі пәтер табысталды

Redaktor

Пікір жазу