Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

«Бәрі бітті дегенде…»: Қанат Ислам рингке оралатынын мәлімдеді

әлеуметтік желі

Қазақстанның танымал кәсіпқой боксшысы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам бірнеше жылдық үзілістен соң рингке қайта шығатынын ресми түрде хабарлады.

41 жастағы боксшы Ali Akhmedov Promotions ұйымдастыратын Fight Night кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетеді. Турнир 27 желтоқсан күні Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт кешенінде өтеді. Қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ.

Қанат Ислам кәсіби рингте 29 жекпе-жек өткізіп, оның 27-сінде жеңіске жеткен. Бір рет жеңіліп, тағы бір кездесуі тең нәтижемен аяқталған. Соңғы рет ол 2022 жылдың 7 қазанында аргентиналық Хавьер Франциско Масиельмен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.

Ол — WBA Inter-Continental, WBO NABO, WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin және WBA Fedecaribe белбеулерінің иегері. Сонымен қатар бір кездері WSB лигасындағы «Astana Arlans» командасының капитаны болған.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Әли Ахмедов (24-2-0, 17КО) ганалық Делали Миледзимен (29-1-1, 22КО) кездеседі.

Қанат Исламның рингке қайта оралуы жанкүйерлер арасында зор қызығушылық тудырып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова World Boxing нұсқасы бойынша «Жылдың үздік боксшылары» атанды

Redaktor

Әли Әлиев Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Redaktor

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасы қысқартылды

Redaktor