Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарФутзал

Қазақстан құрамасы Ташкентте Өзбекстаннан реванш алды

Фото: ҚФФ

Қазақстанның футзал құрамасы Өзбекстан командасымен екінші жолдастық кездесу өткізіп, сенімді жеңіске жетті. Ойын Ташкент қаласында өтіп, 5:2 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды.

Матч тартысты басталғанымен, негізгі уақытта Қазақстан толық үстемдік құрды. Команданың белсенді ойынын Альберт Ақбалықовтың дублі айшықтады. Сонымен қатар Азат Валиуллин, Біржан Оразов және Ақжол Дәрібай бір-бірден гол соғып, жеңісті түйіндеді.

Бұл екі құраманың екінші жолдастық ойыны болды. Бұған дейін, 14 қазан күні өткен алғашқы кездесуде Қазақстан құрамасы 1:2 есебімен ұтылып, жалғыз голды Александр Дерябин соққан еді.

Осылайша, Рикардо Кака шәкірттері қарсыластан кеткен есесін қайтарып, өз қателіктерін түзетті.

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы Азия кубогының финалдық кезеңіне жолдама алған. Ал Қазақстан құрамасы Еуро-2026 турниріне іріктеу кезінде Италияға жол беріп, жарыс жолынан шыққан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбеде дзюдодан Қазақстан чемпиондары анықталды

Redaktor

«Артық сөкпеңіздер»: Махмұд Сабырханның қалыңдығы жан сырын ақтарды

Redaktor

«Бәрі бітті дегенде…»: Қанат Ислам рингке оралатынын мәлімдеді

Redaktor

Пікір жазу