Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарММА

Қуат «Найман» Хамитов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды

әлеуметтік желіден

Қазақстандық танымал аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтарды ашық түрде жекпе-жекке шақырды.

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды:

Мен шынымен Қазақстандағы турнирлердің ұйымдастырылу деңгейіне қатты көңілім қалды! Біздің промоутерлер не істеп жүр өзі? Мына бос, мәнсіз шоу-жобалар не үшін керек? Нағыз ауқым, нағыз деңгей қайда? Қазіргі таңда жылдың ең шулы, нағыз айқасы – Қуат Хамитов пен Еркебұлан Тоқтардың кездесуі! Қазақстандық бокс сахнасында бұдан да дүркірей түсетін жекпе-жек жоқ! Тек дұрыс ұсыныс жасап, соны іске асырыңыздар…, – деп жазды «Найман».

Айта кетейік, Қуат Хамитов соңғы жылдары спортпен қатар, қоғамдық және медиа кеңістіктегі белсенділігімен де жиі көзге түсіп жүр.

Ұқсас жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойынын қолдау аясында 135 шақырымдық аламан бәйге ұйымдастырылды

Redaktor

Темірлан Анарбеков «Интермен» өткен матчтан кейін мәлімдеме жасады

Redaktor

Әмір Омарханов: Биыл қысым былтырғыдан да қатты болды

Redaktor

Пікір жазу