Beksports спорт порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарММА

Қуат «Найман» Хамитов Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырды

әлеуметтік желіден

Қазақстандық танымал аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтарды ашық түрде жекпе-жекке шақырды.

Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды:

Мен шынымен Қазақстандағы турнирлердің ұйымдастырылу деңгейіне қатты көңілім қалды! Біздің промоутерлер не істеп жүр өзі? Мына бос, мәнсіз шоу-жобалар не үшін керек? Нағыз ауқым, нағыз деңгей қайда? Қазіргі таңда жылдың ең шулы, нағыз айқасы – Қуат Хамитов пен Еркебұлан Тоқтардың кездесуі! Қазақстандық бокс сахнасында бұдан да дүркірей түсетін жекпе-жек жоқ! Тек дұрыс ұсыныс жасап, соны іске асырыңыздар…, – деп жазды «Найман».

Айта кетейік, Қуат Хамитов соңғы жылдары спортпен қатар, қоғамдық және медиа кеңістіктегі белсенділігімен де жиі көзге түсіп жүр.

Ұқсас жаңалықтар

Әлем чемпионаты: бүгін қазақ-өзбек тартысына куә боламыз

Redaktor

«Өзге елге кетіп қалды»: Софья Самоделкина жеңісінен кейін Ресейде сынға қалды

Redaktor

Қазақстандықтар Оразов пен Ляпунов МХЛ-дың үздіктері атанды

Redaktor