Beksports спорт порталы
Басты ақпаратБоксЖаңалықтар

Өзбекстаннан келген қазақ боксшысы өзбекстандық боксшыдан тағы да жеңілді

ҚБФ

Қазақстан боксшысы Аман Қонысбеков Нью-Дели қаласында (Үндістан) өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2025 жылғы Әлем кубогі финалдық кезеңінде өнер көрсетті.

75 килограммға дейінгі салмақтағы ширек финалда Қонысбеков Өзбекстан құрамасының өкілі Жавоҳир Абдурахимовпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліс тапты. Абдурахимов жартылай финалға шығып, кем дегенде қола медальға ие болды, ал Қонысбеков турнирді жүлдесіз аяқтады.

Айта кетейік, Аман Қонысбеков Өзбекстанда туғанымен, 2024 жылдан бері Қазақстан туы астында өнер көрсетіп келеді. Биыл мамыр айында ол Шри-Ланкадағы Коломбо қаласында өткен 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ күндізгі сессияда өнер көрсеткен 55 келідегі Нұрсұлтан Алтынбек те үндістандық қарсыласынан жеңіліп қалды.

Ұқсас жаңалықтар

Сүйінші: Қазақ теннисші әлемдік рейтингіде 12-орынға көтерілді

Redaktor

Бибісара Асаубаева мінсіз ер азаматтың үш басты қасиетін атады

Redaktor

Қайрат Боранбаев Шерхан Қалмырзаға қатысты мәлімдеме жасады

Redaktor

Пікір жазу