Beksports спорт порталы
Басқа спорт түрлеріБасты ақпаратЖаңалықтар

Бибісара Асаубаева мінсіз ер азаматтың үш басты қасиетін атады

Комитет по делам спорта и физической культуры

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Көпшілікті қызықтырған сауалдың бірі – оның соңғы уақытта жұрт көзінен алыста жүру себебі болды.

Мен әлеуметтік желілерден саналы түрде үзіліс алдым (және оның аяқталғанына әлі сенімді емеспін). Уақытымды отбасыммен өткізіп, спортзалға бардым, кітап оқыдым, жаңа хоббилермен айналыстым. Маған өзгеге ұқсамау және өз-өзіңмен шынайы өмір сүру ұнайды, – деді Бибісара.

Гроссмейстер соңғы уақытта тыныштық пен жалғыздықта болуды жөн көретінін айтты. Сондай-ақ ол оқырмандардың «ер азаматта қандай қасиеттерді жоғары бағалайсыз?» деген сұрағына жауап берді.

Парасаттылық, мейірімділік және уәдесінде тұра білу. Әрине, қасиеттер мұнымен шектелмейді, бірақ мен үшін ең маңыздысы – осы үшеуі, – деді шахматшы.

Еске сала кетейік, 21 жастағы Бибісара Асаубаева жуырда Самарқандта өткен беделді халықаралық турнирде үшінші орын алып, әлемдік шахмат тарихына есімін алтын әріппен жазды.

Ұқсас жаңалықтар

Мейірім Нұрсұлтанов әлемдік рейтингтің көшін бастап тұр

Redaktor

Ербол Мырзабосынов Черчесовтің әрекетін кешіруге шақырды

Redaktor

Australian Open-2026: отандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды

Redaktor