Әлем чемпионатының дебютанты атанған Өзбекстан ұлттық құрамасының мундиальдағы алғашқы қарсыластары анықталды. Фабио Каннаваро шәкірттерінің топтық кезеңдегі матчтарының күндері мен ойын өтетін стадиондары белгілі болды.
K тобында сынға түсетін Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін 17 маусымда Колумбияға қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 8:00-де басталады.
23 маусымда Өзбекстан құрамасы Португалиямен кездеседі. Ойынның басталу уақыты – 23:00.
Ал 28 маусымда өзбек футболшылары құрлықаралық плей-офф жеңімпазы – Конго Демократиялық Республикасы, Ямайка немесе Жаңа Каледония құрамаларының бірімен ойнайды.
